Ақпарат

    Әулиекөл ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасының жер кодексінің 43-1 бабына және Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын сәйкес, 2026 жылғы 7 желтоқсан сағат 10.00-де Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы,1 май к-сі, 44, (1 қабат, мәжіліс залы) мекен-жайы бойынша, ауыл шаруашылығы немесе ауылшаруашылық өнімдерін уақытша ақылы жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша тендер өткізеді.

    Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және ресімдеу 2026 жылғы
    16 қараша мен 6 желтоқсан 2026
    (қабылдау уақыты 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) 15 жұмыс күні ішінде өткізіледі.«Әуликөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мына мекен-жай бойынша: Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы,Байтұрсынов к-сі, 43, (2 қабат). Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жүзінде немесе электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініш берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін беріледі. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылатын конкурсқа қатысуға өтінімдерге сәйкес, конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныстар ұйымдастырушыға белгіленген мерзімнің соңына дейін, басталған күннен бастап, он бес жұмыс күні ішінде беріледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әулиекөл ауданының әкімдігі" жаңалықтары