«Тандем» жобасы аясындағы әдістемелік құралдар байқауының қалалық кезеңі қорытындыланды

    Облыстық «Тандем» жобасы аясында бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру педагогтері арасында «Әдістемелік құрал» байқауының қалалық кезеңі өтті. Қазылар алқасы байқау өлшемшарттарына сәйкес жүлдегерлерді анықтады. Қорытынды туралы ақпарат 16 маусымда жарияланды.

    I орынға №16 мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Мустафина К.К. мен Жұмабек А.Х., сондай-ақ «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешілері Кожамкулова А.Е. мен Садықова М.Т. ие болды.

    II орын Әлкей Марғұлан атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Толегенова Г.С.; №5 мектеп мұғалімдері Искакова Д.Ж. мен Есемсейтова Р.К.; Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицей мұғалімі Омар Ж.С. еңбектеріне берілді.

    III орынды Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің мектепалды сынып тәрбиешілері Мұрат Ж.М. және Агадилова С.С. алды. I орын алған әдістемелік құралдар облыстық кезеңге жіберілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ" жаңалықтары