Мас күйінде көлік жүргізген әрі жүргізуші куәлігі жоқ: Талдықорғанда ер адам 20 тәулікке қамалды

    1 / 2

    Талдықорғанда 26 жастағы ер адам жүргізуші куәлігі болмаса да, алкогольдік масаң күйде таңертең ерте Daewoo Matiz автокөлігін басқарып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына нақты қауіп төндірген.

    Құқық бұзушыны патрульдік полиция қызметкерлері анықтады. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында заңға қайшы әрекет дер кезінде тоқтатылып, ықтимал келеңсіз жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік туды.

    Ер адам медициналық айықтырғышқа жеткізілді. Полицейлер қажетті материалдарды жедел жинақтап, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолдады.

    Сот шешімімен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

    Жетісу облысының полициясы көлік құралын мас күйде және оны басқару құқығынсыз жүргізу — қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін өрескел құқық бұзушылық екенін еске салады.

    Құрметті жүргізушілер! Мас күйде көлік тізгініне отыру немесе басқаруды жүргізуші куәлігі жоқ адамға беру арқылы сіз өз өміріңізге ғана емес, айналаңыздағы адамдардың өміріне де қауіп төндіресіз. Тәуекелге бармаңыздар! Жол қозғалысы ережелерін сақтап, әрбір әрекетіңізге жауапкершілікпен қараңыздар.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары