Кутқарушылар Павлодар облысының тұрғындарын баспаналарын өрттен қорғауға тағы шақырады

    Жылыту маусымы басталғалы бері өңірдің тұрғын үй секторында 8 өрт оқиғасы тіркеліп үлгерді. Өрттің алдын алу жұмыстары туралы @pavlodar.rsk алаңында ТЖ департаменті бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов айтып берді. Ол бүкіл Павлодар облысы аумағында үйлерді аралау жұмыстары жаз мезгілінде-ақ басталғанын еске салды. Құтқарушылардың арнайы есебінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар тұратын 1 105 тұрғын үй бар. Олардың барлығы улы газды анықтайтын арнайы датчиктермен (хабарлағыштармен) жабдықталған. - Біздің өкілеттігіміз тек профилактикалық жұмыстармен шектеледі және азаматтардың жеке саналылығына бағытталған, - деді спикер. - Барлық күш-жігерімізге қарамастан, жылыту маусымы басталғалы өңірдің тұрғын үй секторында 8 өрт оқиғасы орын алды. Өршіген өрттен абырой болғанда адам шығыны болған жоқ. Дегенмен, аудандардың бірінде екі кәмелетке толмаған бала улы газға уланып қалды. Құтқарушылар Павлодар облысының тұрғындарын қайғылы салдардың алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға шақырады. Пешпен жылыту жүйесін пайдалану кезінде тыйым салынады: * Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ пешті қарауды кішкентай балаларға тапсыруға; * Отынды және басқа да тез жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы табақшаға қоюға; * Пештің есігін ашық қалдыруға; * Ошақтың жанында киім мен басқа да заттарды кептіруге; * Жылыту пешін шамадан тыс қыздыруға.

    Фото: ChatGPT

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар ауданының әкімдігі" жаңалықтары