1 / 5
Сарыағаш ауданының әкімі А. Абдуллаевтың төрағалығымен аудан аумағындағы жылыжай кешендерін табиғи газбен қамтамасыз ету және экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мәжіліс өтті.
Жиынға Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Д. Лесов, облыстық энергетика басқармасының бөлім басшысы Р. Бердалиев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А. Амирханов, Жібек жолы, Қабланбек, Жартытөбе ауылдық округтерінің әкімдері және жобалаушы мекеме өкілдері қатысты.
Мәжіліс барысында жылыжай кешендерін табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында атқарылатын жұмыстар, өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары қарастырылды. Аталған шаралар қоршаған ортаның ластануын азайтуға, жылыжайлардан шығатын түтіннің алдын алуға және экологиялық талаптардың сақталуына бағытталған.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі А. Абдуллаев тиісті жұмыстарды үйлестіру мақсатында жұмыс тобын құруды, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және белгіленген міндеттердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, жауапты бөлім басшыларына атқарылатын жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстау міндеттелді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі









