Шымкент тұрғыны әлеуметтік желідегі бейәдеп сөзі үшін айыппұл арқалады

    TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында бейәдеп сөздер қолданып, қоғамға құрметсіздік танытқаны үшін Шымкент қаласының 29 жастағы тұрғыны Акимхан Акерке әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Сот шешімімен азаматшаға 86 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

    Полиция ескертеді: қоғамдық тәртіпті бұзуға, бейәдеп сөздер қолдануға және өзгелердің ар-намысына нұқсан келтіруге жол берілмейді. Мұндай әрекеттер заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары