Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Павлодар облысына барды

    Павлодар облысында Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы жұмыс сапарымен болды.

    Павлодар облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков барды.

    Сапар барысында ол Павлодар облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының жұмысымен, материалдық-техникалық базасымен және жедел басқару бөлімшелерінің қызметімен танысты.

    Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында жедел басқару орталығы тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. Қала көшелерінде, аудандарда, сондай-ақ облыстық және республикалық маңызы бар автожолдарда орнатылған бейнебақылау камералары арқылы ахуал тұрақты бақылауда. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды дер кезінде анықтауға және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар Аңсаған Балтабеков полиция департаментінің музейін аралап, өңірдегі ішкі істер органдарының қалыптасу және даму тарихымен танысты. Сапар аясында Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

    Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша құқықтық тәртіпті нығайту, қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және полиция қызметінің тиімділігін жетілдіру бағытында бірқатар нақты міндеттер айқындалды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары