АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 21
    АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
    Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті.
    Аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен квазимемлекеттік мекеме басшылары, кірістер басқармасы мен полиция, қорғаныс істері бөлімдерінің басшылары қатысқан жиынның күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер бойынша, нақтырақ айтар болсақ, әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жаңа қағидаттары мен «D», «E» санаттарындағы азаматтар санын азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Олжас Қаныбеков, жергілікті бюджеттің салықтық түсімдерін салық түрлері бойынша орындауды қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық аумақтық кірістер басқармасының басшысы Серік Жасұзақов, аудандағы заңсыз құрылыстардың алдын алу, талаптарға сәйкестендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мырзабек Абишев баяндама жасады.
    Одан бөлек, күн тәртібіне енгізілген «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауданда ұсынылатын жобалар мен инвестициялық жобаларды тарту арқылы өндірістік парк аумағын дамыту, «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуы, күзгі әскерге шақыру жоспарының орындалуы мәселелері кеңінен талқыланды. Кемшіліктер айтылып, нақты жоспарлар бекітілді.
    Сонымен қатар, басқосуда жоспарға сай жұмыс жүргізе алмай негізгі көрсеткіштері төмендеген әкімдерге ескерту жасалып, орындалмаған аудан әкімінің хаттамалық тапсырмалары бойынша талдау жасалды. Орын алған кемшіліктерді тез арада жоюды аудан әкімі аппаратының басшысы Есен Алданиязовқа тапсырып, нәтижесін аудан басшысы өз бақылауына алды.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары