Лицензирование

    2026 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Маңғыстау облысы бойынша арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 14 ұйым лицензия алды. Бүгінде мұндай қызметтермен 2330 мыңға жуық адам қамтылған.

    Сапалы әлеуметтік қызмет адамға қажетті көмекті уақтылы көрсетуге, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, кәсіби қолдау ұсынуға, лайықты жағдай жасауға, сондай-ақ оның құқықтары мен қадір-қасиетін сақтауға бағытталған.

    Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарды лицензиялау осы талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.

    2025 жылдан бастап мұндай ұйымдардың қызметі белгіленген лицензиялық талаптарға сәйкес жүргізіледі.

    Лицензия беру кезінде ұйымның арнайы әлеуметтік қызметтерді белгіленген талаптарға сай көрсетуге дайындығы бағаланады. Атап айтқанда, мамандармен қамтамасыз етілуі, материалдық-техникалық базасы, қызмет алушыларға қажетті жағдайлардың жасалуы ескеріледі.

    Лицензияның болуы тек формалды талапты орындау емес. Ол ұйымның қызмет алушыларға қажетті жағдай жасап, белгіленген талаптарға сай қызмет көрсетуге дайындығын білдіреді. Өйткені әр әлеуметтік қызметтің артында нақты адам тұр. Ол – бала, мүгедектігі бар азамат, қарт адам немесе көмек пен қолдауға мұқтаж басқа да қызмет алушы.

    Сондықтан арнайы әлеуметтік қызметтің сапасын көрсетілген қызметтердің санымен ғана бағалау жеткіліксіз. Қызмет алушы үшін ең бастысы оның қажеттілігінің ескерілуі, көмектің уақытында әрі кәсіби көрсетілуі, қауіпсіздігі, құқықтары мен қадір-қасиетінің сақталуы.

    Бұл ретте қызмет алушылардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі. Ұйымдар олардың тұруы мен қызмет алуына тиісті жағдай жасауға, мамандардың кәсіби жұмысын қамтамасыз етуге, белгіленген талаптарды сақтауға және туындауы мүмкін қауіптерге дер кезінде әрекет етуге тиіс.

    « Әр әлеуметтік қызметтің артында нақты адам тұр. Сондықтан біздің міндетіміз – әр қызмет алушының қажетті көмекті уақытында алуын, өзін қауіпсіз сезінуін және құқықтары мен қадір-қасиетінің қорғалуын қамтамасыз ету. Лицензиялау ұйымдарға қойылатын бірыңғай талаптарды сақтауға, көрсетілетін қызмет сапасына жауапкершілікті арттыруға және қызмет алушылар үшін тиісті жағдай қалыптастыруға бағытталған », – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде.

    Лицензиялау – арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға, қызмет көрсетушілердің жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған негізгі тетіктердің бірі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары