«Алматы» ауданы әкімінің аппараты суретшілер мен шығармашыл жандарды муралдар мен граффити жасауға шақырады!

    Қалалық кеңістікті көркейтуге бағытталған тың идеяларыңыз бар ма? Біз ғимараттардың қабырғалары мен қоғамдық орындарды безендіруге арналған қызықты көркемдік шешімдер ұсынуға дайын талантты суретшілер мен шығармашыл жандарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз.

    Біздің мақсатымыз – ауданның көркін арттыру, жайлы қалалық орта қалыптастыру және шығармашылық әлеуетті игі істерге бағыттау. Сонымен қатар, граффитиді заңсыз салу мен вандализмнің алдын алу.

    Өтінім беру үшін: 1. Болашақ муралдың немесе граффитидің эскизін дайындау. 2. Идея мен тұжырымдаманың сипаттамасын ұсыну. Онда өз туындыңыз арқылы жеткізгіңіз келетін мағына мен ойды көрсету қажет.

    Барлық ұсыныс қарастырылады. Эскиз келісілгеннен кейін жобаны жүзеге асыратын орын анықталады.

    Өтінімдер мен ұсыныстар төмендегі телефон нөмірі бойынша қабылданады: 8 708 928 80 30 – Аяна Қанат, «Алматы» ауданы әкімінің кеңесшісі.

    Бірге шабыт сыйлайтын, адамдарды біріктіретін және ауданымыздың көркін арттыратын өнер туындыларын жасайық!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары