2026 жылғы 13 қазанда 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының барлық деңгейлеріндегі депутаттардың кезектен тыс сайлауын өткізу жөніндегі Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы өтті. Отырыс барысында 3 мәселе қаралды:

    1 / 3

    1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы;
    2. Сайлау инфрақұрылымы туралы: комиссиялардың, округтердің құрамы, олардың тізімдерін жариялау, сондай-ақ сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы сайлаушыларды хабардар ету;
    3. Округтік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту туралы.
    Қаралған мәселелер алдағы сайлау науқанына уақтылы және ұйымдасқан дайындықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ Риддер қаласында Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес сайлау өткізу үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Риддер қаласының әкімдігі" жаңалықтары