Астанада Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

    1 / 2

    Астанада 17-18 қазан күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Осы демалыс күндері елорда тұрғындарына Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының шаруалары өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

    Солтүстік Қазақстан облысының 13 ауданынан және Петропавл қаласынан 110-нан астам ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші мен өңдеуші кәсіпорын өз тауарларын Астанаға әкеледі.

    Сауда сөрелеріне жалпы көлемі 1000 тоннадан астам өнім қойылады. Оның ішінде еттің барлық түрі, шұжық өнімдері мен ет консервілері, сүт өнімдері, жұмыртқа, бал, балық, ұн және макарон өнімдері, көкөністер мен картоп, сондай-ақ басқа да азық-түлік бар.

    Жәрмеңкеге Павлодар облысының 10 ауданынан, сондай-ақ Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларынан 80-нен астам ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші мен өңдеуші кәсіпорын қатысады.

    Жәрмеңкеде сатылатын өнімнің жалпы көлемі шамамен 615 тоннаны құрайды.
    Өнім түрлері мен көлемі:
    • еттің барлық түрі – 102 тонна;
    • картоп, көкөністер мен бақша дақылдары – 440 тонна;
    • сүт өнімдері – 12 тонна;
    • балық өнімдері – 12 тонна;
    • бал және ара шаруашылығы өнімдері – 10 тонна;
    • шұжық өнімдері мен ет түрлері – 8 тонна;
    • ұн және макарон өнімдері – 10 тонна;
    • жұмыртқа – 100 мың дана;
    • басқа тауарлар – 20 тонна.

    Өнімдердің қолжетімді бағада сатылуына ерекше көңіл бөлінеді. Жәрмеңкедегі баға нарықтағы орташа бағадан арзан болады. Бұл елорда тұрғындарына сапалы өнімдерді тікелей өндірушілерден қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

    Жәрмеңке 17-18 қазанда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
    Өтетін орны: Астана қаласы, Қарқаралы тасжолы, 1, «Қазанат» ипподромының автотұрағы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары