Бисен ауылында 5 көшеге асфальт төселуде

    1 / 5

    Бисен ауылында ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жоба аясында ауылдың 5 көшесіне асфальт төсеу жоспарланған. Бұл жұмыстар тұрғындардың қатынасын жеңілдетіп, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Бүгінгі таңда Б.Жәникешев, Т.Масин, З.Жиеналиев және Ш.Жексенбаев көшелеріне асфальт жабыны төселіп, жалпы ұзындығы 3,8 шақырым жолға асфальт салынды.

    Қазіргі уақытта жол жиектерін реттеу және қалған көшелерге асфальт төсеу үшін жол негізін дайындау жұмыстары жүргізілуде.

    Ауылішілік жолдардың құрылыс барысын аудан әкімінің орынбасары А.Мұхамбетжанов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Бижановпен бірге бақылады.

    Жұмыс сапасына назар аударған аудан әкімінің орынбасары мердігер мекеме – «Монолит-Дизайн-2030» ЖШС өкілдеріне құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бөкей ордасы ауданының әкімдігі" жаңалықтары