Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 1,1%-ға азайды

    2026 жылғықыркүйекайында тұрғын үйді алып-сату бойынша35 406мәміле тіркелген. 2026 жылғытамызбен салыстырғанда (35 807) мәмілелер саны1,1%-ғаазайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (7 248 – 20,5%) және Астана (6 119 – 17,3%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 540 – 7,2%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз –280мәміле (0,8%) тіркелген.

    2026 жылғытамызбенсалыстырғандаең жоғарғы өсімТүркістан (24,8%),Жамбыл(13,3%) жәнеЖетісу(12,1%) облыстарында тіркелді. Еңүлкен төмендеуҚостанай(-10,2%),Қарағанды(-10,1%)облыстарындажәнеАлматы(-5,7%)қаласындаорын алды.

    Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 2026 жылғытамыздағыайымен салыстырғанда2,2% (623мәмілеге)азайды. 2026 жылдыңқыркүйекайында пәтерлер бойынша барлығы27 096мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының76,5%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (24,8%), Астана (22,1%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,8%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды –10 434 мәміле.

    2026 жылғытамызбенсалыстырғандақыркүйектежеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны2,7% (222мәмілеге)көбейді.Қыркүйек айындабарлығы8 310мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең жоғарғы өсіміАқтөбе(22,4%),Түркістан(18,3%)жәнеШығыс Қазақстан(16,6%)облыстарындатіркелді. Ең жоғарғы төмендеуҚарағанды(-12,5%),Ұлытау(-10,9%) жәнеПавлодар(-9,2%)облысындабайқалды.

    2026 жылғықыркүйектетұрғын үйді алып-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда14,3%азайды (41 313-нен35 406 мәмілеге дейін). Мәмілелер санының ең жоғары өсіміТүркістан(+24,7%) облысында байқалды, ең үлкен төмендеу –Астана (-29,2%)қаласында. 2026 жылдың қаңтар-қыркүйекайларындағы мәмілелер санын 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда5,6% төмендеді.

    Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 1,1%-ға азайды


    Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 1,1%-ға азайды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы" жаңалықтары