Нәтиже, жауапкершілік және жаңа міндеттер: Талдықорған полициясының жұмыс қорытындысы

    Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Талдықорған қалалық полиция басқармасының жеке құрамымен жұмыс кеңесін өткізіп, 9 айдағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысын шығарды.

    Жиын барысында қылмыстарды ашуда, құқық бұзушылықтардың алдын алуда және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік тергеушілер, жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары атап өтілді.

    Сонымен қатар қысқа мерзімде жоюды талап ететін кемшіліктер көрсетілді. Бөлімше басшыларына жұмыс тиімділігін арттыру және қызметтік тәртіпті нығайту бойынша нақты міндеттер жүктелді.

    Халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметші халыққа жақын болып, азаматтардың мәселелеріне мұқият қарап, оларды шешу үшін нақты шаралар қабылдауы қажеттігі атап өтілді.

    Келіп түскен барлық өтініштер басшылықтың бақылауында.

    Жиын соңында азаматтардың сенімі, заңдылықты сақтау және халыққа нақты көмек көрсету әрбір полиция қызметкерінің басты ұстанымы болуы тиіс екені айтылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары