Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы іске асыру бойынша семинар өткізілді

    2026 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылға арналған негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарын орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында басқарма мамандары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы іске асыру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, жолын кесу және тергеу мәселелеріне назар аударылды. Семинар соңында басқарма мамандарына өздерін толғандырған сұрақтар бойынша түсініктемелер беріліп, жауаптар ұсынылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары