ЖРВИ және COVID-19 инфекциясының алдын алу бойынша оқыту семинары өткізілді

    2026 жылғы 2 қазанда Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Шымкент РемСервис» ЖШС қызметкерлері арасында «2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымда тұмау, жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Іс-шара барысында мамандар тұмау, ЖРВИ және COVID-19 инфекцияларының эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, инфекциялық аурулардың алдын алу, сондай-ақ халықтың санитариялық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасты және мамандардан практикалық ұсынымдар алды. Іс-шара инфекциялық аурулардың алдын алу саласындағы білім деңгейін арттыруға және практикалық дағдыларды жетілдіруге ықпал етті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары