Кәсіби даярлық – қызмет сапасының негізі

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінен жылдық қорытынды сынақтары қабылдануда.
    Сынақ барысында полиция қызметкерлерінің дене шынықтыру және атыс даярлығы, сондай-ақ заңнаманы білу деңгейі тексеріледі. Әр бағыт бойынша қызметкерлердің теориялық білімі мен практикалық дағдыларына баға беріледі.
    Полиция қызметкері үшін кәсіби білім мен физикалық дайындық – қызметтік міндеттерді мінсіз орындаудың маңызды алғышарты. Сондықтан мұндай сынақтар жеке құрамның даярлық деңгейін бағалап қана қоймай, кәсіби шеберлікті жетілдіруге де мүмкіндік береді.
    Басты міндет – заң талаптарын жетік меңгерген, дене дайындығы жоғары, кез келген қызметтік жағдайда жедел әрі дұрыс шешім қабылдай алатын мамандардың даярлығын қамтамасыз ету.
    Кәсіби даярлық – қызмет сапасының, ал қызмет сапасы қоғамдық қауіпсіздіктің негізі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары