Түркістан облысында полиция 100-ге жуық орынға QR-кодтар орналастырды.
Түркістан облысының учаскелік полиция инспекторлары қауіпсіздік шараларын жетілдіру және тұрғындардың ұсыныстарын жинау үшін адам көп шоғырланатын 100-ге жуық орынға QR-кодтар орналастырды. Сонымен қатар 130 тұрғынның үй-жайы тексеріліп, тұрғындарға интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша 300-ден астам жадынама таратылды.
Бұдан бөлек Мақтаарал ауданында полиция есебінде тұрған 133 азамат тексеріліп, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Сонымен қатар полицейлер проблемалық тұрғын үй нысандарын, жалға берілетін пәтерлерді, саяжай аумақтарын, қараусыз қалған ғимараттарды, шаруа және фермерлік қожалықтарды, сондай-ақ шалғай елді мекендер мен өзге де аумақтарды аралау жұмыстарын жалғастыруда.
Аталған іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және тұрғындардың полицияға деген сенімін арттыруға бағытталған.








