⚠️НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЕМЕС МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті кәмелетке толмағандар арасында мас ететін әсер алу мақсатында «Корвалол» дәрілік препаратын медициналық емес мақсатта тұтыну деректерінің таралғаны туралы хабарлайды.
Дәрілік заттарды медициналық емес мақсатта пайдалану балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты Департамент дәріхана ұйымдарының басшыларын және фармацевтикалық қызметкерлерді келесіге шақырады:
🔹 Аталған ақпаратты барлық дәріхана қызметкерлеріне жеткізу.
🔹 Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, оның ішінде «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларының» 16-2-тармағының ережелерін қатаң сақтау (аталған тармаққа сәйкес дәрілік заттар балаларға сатылмайды).
🔹 Қызметкерлермен бірлесе отырып, дәрілік препараттарды, соның ішінде «Корвалолды» медициналық емес мақсатта пайдаланудың қауіптілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
🔹 Кәмелетке толмағандардың дәрілік заттарды медициналық емес мақсатта сатып алуына негізделген күдік туындаған жағдайда, өз құзыреті шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдау.
Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі — бәрімізге ортақ жауапкершілік!
Фармацевтикалық қызметкерлерді қырағылық танытып, дәрілік заттарды босатуға жауапкершілікпен қарауды сұраймыз.








