«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА ЖЕТІСАЙ» ҰРАНЫМЕН АУДАНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

    1 / 12
    «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА ЖЕТІСАЙ» ҰРАНЫМЕН АУДАНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық шарасы аясында Жетісай ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
    Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасына сәйкес өткізілген тазалық шарасына мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, экологиялық акцияның белсенді қатысушылары мен аудан тұрғындары атсалысты.
    Туған өлкенің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және елді мекендердің көркін арттыру мақсатында өткен сенбілік барысында қала, кент пен барлық ауылдық округтерде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көшелерді ретке келтіріп, қоғамдық орындарды күл-қоқыстан тазартты. Ал, аудан тұрғындары өз үйлерінің ауласын, үйіргелік жерлерін қоқыстан, қураған жапырақтардан арылтып, тазалыққа өз үлестерін қосты.
    Сонымен қатар, экологиялық акцияға қатысушылар республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың, ауданішілік көшелердің бойларын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, арық-атыздарды қоқыстан аршу жұмыстарын жүргізді. Саябақтар, гүлзарлар мен скверлерде абаттандыру, әктеу-сырлау жұмыстары атқарылып, қоғамдық орындардың ажары кіре түсті.
    Тазалық – тек сенбілік кезінде атқарылатын жұмыс емес, ол әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс жауапкершілік, туған жердің табиғатын қорғау, көшелер мен қоғамдық орындарды таза ұстау, қоршаған ортаға жанашырлық таныту секілді ортақ міндеттерді жүктейді.
    Жетісай ауданында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстары тұрғындарды бірлікке үндеп, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне ортақ үлес қосудың жарқын үлгісіне айналды. Өйткені таза Қазақстан әрқайсымыздың өз ауламыздан, өз көшемізден және өзімізге деген жауапкершіліктен басталады.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары