«Aqtobe Creative Days»: Астанада өткен креативті жәрмеңкеге 10 мыңға жуық адам келді

    1 / 7

    Астанада өткен «Aqtobe Creative Days» креативті жәрмеңкесіне екі күнде 9 500 адам келді. Qazaq Creative Hub алаңында ұйымдастырылған іс-шараға Ақтөбе облысынан 100-ге жуық креатор қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Жәрмеңкеде ұлттық нақыштағы киімдер, дизайнерлік топтамалар, зергерлік бұйымдар, тері, ағаш, сүйек пен киізден жасалған қолөнер туындылары, аксессуарлар мен кәдесыйлар ұсынылды. Келушілер ақтөбелік шеберлердің өнімдерін тамашалап, ұнаған бұйымдарын сатып алды. Жалпы, өңір креаторлары 22 бағыт бойынша авторлық өнімдері мен шығармашылық жобаларын таныстырды.

    Жәрмеңке аясында мәдени бағдарлама да өтті. «Aqtobe Design» сән көрсетілімінде ақтөбелік дизайнерлердің авторлық топтамалары ұсынылды. «Алақай» қуыршақ театрының инклюзивті «Жыл мезгілдері» қойылымы сахналанып, Ақтөбе өңірі туралы анимациялық фильм көрсетілді.

    Музыкалық бағдарламада «SherTer» және «Жеребе life» жобалары өнер көрсетіп, композитор Серік Закарияның шығармашылық кеші өтті. Сонымен қатар келушілер зергерлік өнер, киіз басу, тері және ағаш өңдеу бойынша шеберлік сабақтарына қатысты.

    «Aqtobe Creative Days» жәрмеңкесі «Creative Aimaq» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба өңірлік креаторлардың өнімдерін нарыққа шығаруға, жаңа сатып алушылар тартуға және креативті кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары