Бастаушы ауылдық округі: Жемқорлыққа қарсы мәдениет – жарқын болашақ кепілі
Бүгінгі таңда қоғамымыздың дамуына басты кедергі келтіретін қауіптің бірі – сыбайлас жемқорлық. Онымен күрес тек қана мемлекеттік органдардың міндеті емес, әрбір азаматтың, соның ішінде ауыл тұрғындарының ортақ ісі. Осы бағытта Бастаушы ауылдық округінде де жүйелі жұмыстар атқарылып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге баса көңіл бөлінуде.
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуын тежеп қана қоймай, әлеуметтік әділетсіздік тудыратын кесел. Президентіміз атап өткендей, «Әділетті Қазақстан» құру жолында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру – басты талап.
Осы орайда, жуырда Бастаушы ауылдық округінде ауыл кәсіпкерлері мен тұрғындарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты мазмұнды дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында адал кәсіп жүргізу, заң талаптарын қатаң сақтау, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ортақ мүдде үшін ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланып, қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.









