Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлеріне қазақстандық киноның жаңа туындысы көрсетілді. «Бүркітші» фильмі – жас қыздардың өлтірілуі мен хабар-ошарсыз жоғалуына қатысты қылмыстарды тергеу туралы драмалық триллер.
Фильм оқиға желісі арқылы бүркітші аңшы мен жедел уәкіл қыздың тағдырын тоғыстырып, заңға негізделген әділдік пен жеке көзқарасқа сүйенген әділдіктің арасындағы таңдауды алға тартады. Көрсетілім күндері облыстық полиция департаментінің түрлі бөлімшелерінде қызмет ететін 200-ден астам полицей кинотеатрға барды.
Режиссер Қуаныш Стахановтың жаңа туындысы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету аясында түсірілген. Детектив жанры арқылы бұл қағидаттың отандық бұқаралық мәдениетте қалай көрініс табатынын түсіну полиция қызметкерлері үшін де маңызды. Фильм авторлары адам бойындағы немқұрайлылықтың салдарын көрсетіп, қоғамда зорлық-зомбылыққа төзбеушілік қалыптастыруды мақсат еткен.
Государственный орган психологтарының айтуынша, фильмді бірге тамашалау полиция қызметкерлерінің бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға, психоэмоциялық қажудың алдын алуға және қызмет ұжымдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға бағытталған.








