Қазақстан Республикасының аумағында алкоголь өнімдерін өткізу лицензияланатын қызмет түрлеріне жатады. Алкоголь өнімдерін көтерме немесе бөлшек саудада заңды түрде өткізу үшін кәсіпкерлер белгіленген тәртіппен тиісті лицензия алуы қажет.
Алкоголь өнімдерін өндіру аумағындағы қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және өткізуге лицензияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары береді.
Лицензия алу үшін өтінішті электрондық форматта www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Бұл құжаттарды қарау мерзімін едәуір қысқартып, рұқсат құжаттарын алу процесін бизнес үшін анағұрлым ыңғайлы етеді.
Лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі – өтініш тіркелген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Лицензияны қайта ресімдеу мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.
Лицензия алу үшін өтініш беруші электрондық өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет. Сонымен қатар сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, кәріз жүйесі және деректерді тіркеу мен беру функциясы бар бақылау-касса машинасының болуы туралы мәліметтер ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәртібі. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабының 4-тармағына сәйкес, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төленген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріне қарай белгіленеді және төмендегідей мөлшерде алынады:
Алкоголь өнімдерін өндіру аумағындағы қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада өткізу (әрбір қызмет объектісі үшін) — 200 АЕК.
Алкоголь өнімдерін өндіру аумағындағы қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада өткізу (әрбір қызмет объектісі үшін):
астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда — 100 АЕК;
аудандық маңызы бар қалалар мен кенттерде — 70 АЕК;
ауылдық елді мекендерде — 30 АЕК.
Біліктілік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылады. Алкоголь өнімдерінің көтерме саудасын жүзеге асыру үшін алкоголь өнімдерін сақтау, қабылдау және босатуға арналған қойма үй-жайлары болуы қажет. Мұндай үй-жайлар білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының, спорт объектілерінің, жанармай құю станцияларының, базарлардың және мәдени-демалыс мекемелерінің аумағында орналаспауы тиіс.
Алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізу үшін заңнама талаптарына сәйкес келетін стационарлық үй-жайдың болуы міндетті. Үй-жай сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз жүйесімен қамтамасыз етіліп, тіркелген бақылау-касса машинасымен жабдықталуы қажет.
Заңнамада лицензия беруден бас тарту жағдайлары да көзделген. Оларға лицензиялық алымның төленбеуі, біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, жалған мәліметтер ұсыну немесе лицензияланатын қызметті жүзеге асыруға қатысты сот шектеулерінің болуы жатады.
Өтінішті қарау нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық лицензияны немесе бас тарту себептері көрсетілген дәлелді жауапты алады.
Белгіленген талаптарды сақтау және лицензияны уақытылы рәсімдеу алкоголь өнімдерін өткізу қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады және кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Алкоголь өнімдерін сақтау және өткізуге лицензиясы туралы. Кәсіпкерлер нені білуі керек?
Ұқсас материалдар
«КазТрансОйл» АҚ
Ашу
Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Алматы қаласының әкімдігіАшу
Алматыда Алатау даңғылының аумақтарында көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Алматы қаласының әкімдігіАшу
Көмекке бастайтын байланыс: Серік Дулаттың қызмет жолы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАшу
Астанада «Бірлік көпірі» мәдени-ағартушылық жобасы жалғасып жатыр
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
"Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары

Сұрақ-жауап
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың табыстарына салық салу
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Даму қорының алаңында кәсіпкерлермен кездесу
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 1-3 қазанда жұмыс істемейді
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Салық және кеден заңнамасының өзекті мәселелері бойынша семинар
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу