📢 Құрметті кәсіпкерлер! Кәсіпкерлік бөлімі төмендегі санаттарға 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік гранттар берілетінін хабарлайды

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    📢 Құрметті кәсіпкерлер!

    Кәсіпкерлік бөлімі төмендегі санаттарға 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік гранттар берілетінін хабарлайды:

    🔹 Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері — Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлер (акцизделетін өнімдерге қатысты қызмет түрлерін қоспағанда);

    🔹 «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпаздары (үйлестіруші — облыстық Кәсіпкерлер палатасы).

    Міндетті шарттар: ✅ Қоса қаржыландыру — грант сомасының кемінде 20%-ы; ✅ Жаңа жұмыс орындарын ашу; ✅ Инвестициялық жоспардың болуы.

    Қажетті құжаттар: 📌 Жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама; 📌 ЖК/ЖШС-ның есепшотында қоса қаржыландыруға қажетті қаражаттың бар екенін растайтын банктік үзінді көшірме; 📌 Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін растайтын құжат.

    Грант қаражатын мына мақсаттарға пайдалануға болады: • Жабдықтар, шикізат және материалдар сатып алу; • Материалдық емес активтер мен технологияларды сатып алу; • Франшиза сатып алу; • Зерттеу жұмыстарын жүргізу.

    ❌ Грант қаражатын мына мақсаттарға пайдалануға болмайды:

    • Жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерін сатып алу;

    • Жалға алу ақысын төлеу;

    • Қолданылған жабдықтарды сатып алу;

    • Жеңіл автокөлік сатып алу;

    • Ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу;

    • Үлестес немесе байланысты тұлғалардан, сондай-ақ жақын туыстардан жабдық сатып алу.
      «KEZEKTE.KZ».

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар