Мәди Айымбетовтың шығармашылық кеші мен «Құлан елес» кітабының тұсаукесері өтті

    1 / 7

    Байғанин ауданында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, Байғанин ауданының Құрметті азаматы, жазушы, журналист және қоғам қайраткері Мәди Айымбетовтың шығармашылық кеші мен «Құлан елес» кітабының тұсаукесері өтті.

    🔹Шараға аудан әкімі Айбек Купенов қатысып, қаламгерді шығармашылық кешімен және жаңа кітабының жарық көруімен құттықтады.

    🔹Аудан әкімі Мәди Айымбетовтың әдебиет пен журналистика саласындағы еңбегіне тоқталып, ұлттық руханиятты дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Қаламгерге құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты.

    🔹Тағылымды кеш барысында жазушының шығармашылық жолы мен әдеби мұрасы дәріптеліп, «Құлан елес» кітабы оқырманға таныстырылды. Кеш қаламгер шығармалары негізінде сахналанған қойылыммен жалғасып, көрерменге рухани әсер сыйлады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары