Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 8-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, 2026 жылдың 06 қазан күні сағат 10:00-де Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округі, Қайназар ауылы, «Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының» ғимаратында, Рахат ауылындағы қайталанатын «Ынтымақ» көшесіне «Достық» атауын беру туралы жиын өтіп, ұсыныс көше тұрғындары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар әзірленіп, облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына жолданатын болады.
- Қайталанатын «Ынтымақ» көшесі — «Достық» көшесі.
Қабылданған шешім:
Рахат ауылдық округіне қарасты Рахат ауылындағы қайталанатын «Ынтымақ» көшесіне «Достық» атауын беру мақсатында ауылдық округ әкімінің шешімін шығару үшін қажетті құжаттар (түсіндірме жазбаша хат, экономикалық есеп-қисап, т.б.) дайындалып, аудандық өкілді және атқарушы органдарға жіберілсін.









