Емелдің үлкен саяхаты: тазқара балапанының алғашқы ұшулары

    1 / 5

    «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кішкентай қанатты тұрғыны үлкен саяхатқа шықты! Таныс болыңыздар, бұл — Емел есімді тазқара балапаны! Қазір оның алғашқы еркін ұшулары мен табиғи ортаға бейімделу кезеңі спутниктік құрылғы арқылы бақыланып жатыр. Емел қайда ұшып жүр? Спутниктік трекинг картасындағы сары сызықтар оның қозғалыс бағыттарын көрсетеді. Жас тазқара Басши мен Ақтөбе маңын, Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің аңғарын шарлап, айналасындағы кеңістікті зерттеп жүр. Әрбір ұшу — ғылым үшін маңызды дерек! «Емелдің күнделігі» жобасы аясында BRCC мамандарымен бірлесіп, балапанның қозғалысы тұрақты бақылауға алынған. Спутниктік мониторинг арқылы оның ұшу бағыттары, мекендеу аумағы және табиғи ортаға бейімделу ерекшеліктері зерттелуде. Емелдің әрбір жаңа бағыты — жабайы табиғаттың құпиясын тереңірек тануға мүмкіндік беретін құнды ақпарат. Кішкентай қанаттан басталған үлкен саяхат әлі жалғасуда! Емелдің келесі бағыты қайда болмақ? Бірге бақылайық!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" жаңалықтары