Ақтөбеде азаматтық қоғамды дамыту және үкіметтік емес ұйымдарға гранттық қолдау көрсету мәселелері талқыланды

    Ақтөбеде «Азаматтық әріптестік: жаңа форматтар – ортақ шешімдер» атты конференция өтті. Қатысушылар азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және әлеуметтік жобалардың тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.

    Мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор өкілдері әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру тәжірибесін бөлісті. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын гранттық қаржыландыру тетіктерін одан әрі жетілдіру жөнінде пікір алмасты.

    Конференцияда азаматтық секторды қолдау инфрақұрылымын дамыту, өңіраралық ынтымақтастықты нығайту және өңірлер арасында озық тәжірибе алмасу мәселелері де сөз болды. Қоғамдық бастамаларға сараптамалық қолдау көрсетуге және бірлескен жобаларды дамытуға айрықша назар аударылды.

    Айта кетейік, өңірлерде үкіметтік емес ұйымдарға Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы мемлекеттік гранттар беру тәжірибесі кеңейіп келеді. Мәселен, Ақтөбе облысында 2027 жылы мұндай гранттардың санын екі есе арттыру жоспарланып отыр.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары