
Орталық аудандық кітапхана ғимаратында Байгожин Мурат Алимович басшылығымен өткен ауданның Қ оғамдық кеңесінің отырысында «Ауылдық округтердегі әлеуметтік даму бағдарламаларын іске асыру барысы» мәселесі қаралды.
Отырыс жұмысына ауданның Қ оғамдық кеңесінің мүшелері, әкімдері – адырова Гульнара Кадыровна - Тоғызқұдық ауылдық округі, Залелов Ерсин Сатвалда евич- Үміткер ауылдық округі, Кенжекеева Сымбат Боранбаевна - Қаражар ауылдық округі, Мырзабеков Сайлау Игликович - Ақбел ауылдық округі, Оразкелді Даяна Мерекеқызы әкімнің міндетін атқарушы - Самарқанд ауылдық округі қатысты.
Ұсынылған материалдар бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері М. А. Байгожин, Курбанова Т.Ф., Қали А.С.,Исабеков М.Т., Матвеюк А.В.,Салащенко П.В.,Каракулова Е.Д.,Бердалиева М.А. электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау (Волховское ауылы ), кентішілік жолдарды жөндеу (Тасшоқы, Құрама ауылдары), « Мал айдау» белгісін орнату бойынша (Қаражар ауылы ), көпір салу (Үміткер ауылы), егін жинау және дала жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы құрылымдарын қажетті отынмен қамтамасыз ету бойынша жауаптар алды.
Күн
тәртібі бойынша ұсыныстар қабылданды, тиісті ұсынымдар әзірленді .





