
ПавлодароблысыТөтенше жағдайлардепартаментініңқызметкерлері «Ата-анаңның үйін тексер!» республикалық акциясына қосылды. Акцияның басты мақсаты – тұрғындарға жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың және қарт туыстарына қамқорлық көрсетудің маңыздылығын еске салу.
Құтқарушылар пештер мен жылыту жүйелерінің жағдайын тексеріп, мұржалардың жарамдылығы мен тазалығына көз жеткізуге шақырады. Сондай-ақ электр құрылғыларын қараусыз қалдырмау, зақымдалған сымдар мен розеткаларды пайдаланбау және үйге улы газды анықтайтын датчик орнату қажет.
Жылыту маусымына дайындық кезінде қарт ата-аналар мен көмекке мұқтаж жақындарының қауіпсіздігіне ерекше назар аударған жөн.









