«ЕЛГЕ ЕҢБЕК – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ»

    «ЕЛГЕ ЕҢБЕК – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ»

    1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ауданда алғаш рет «Елге еңбек – ұрпаққа өнеге» атты ардагерлер спартакиадасы мен форумы өтті.

    Алдымен жеті ауылдық округтен келген ардагерлер шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және волейболдан бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    Спорттық шарадан кейін өткен форумға ауданның ардагерлері, ел ағалары, ақ жаулықты әжелер және ауылдық округтерден келген қонақтар қатысты.

    Форум барысында аудан әкімі Нұрым Мусин, аудандық полиция бөлімінің бастығы Манарбек Умбеталиев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Насимуллин сөз сөйлеп, аға буын өкілдерін мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

    Шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагерлер Алғыс хаттармен марапатталып, 65, 80 және 90 жас мерейтойларын атап өткен азаматтарға арнайы құрмет көрсетілді.

    Аталған шара аға буынға құрмет көрсетіп, олардың өнегелі жолын дәріптеуге және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Исатай ауданының әкімдігі" жаңалықтары