«Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

    «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

    08.10.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханада «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді. Азаматтарды жеке қабылдауға Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Бексұлтан Жандос Елмұратұлы, Жетісу облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және нотариаттық палатасының өкілдері қатысты.
    Қабылдау барысында азаматтарға алименттік міндеттемелерді орындау, қаржылық сауаттылықты арттыру, банктік шоттарға қойылған шектеулер, нотариаттық қызмет және атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша құқықтық түсіндірмелер беріліп, тиісті ұсынымдар ұсынылды. Іс-шараға 36 азамат қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Әділет департаменті" жаңалықтары