МҮГЕДЕКТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

    МҮГЕДЕКТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ
    МҮГЕДЕКТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ
    Мүмкіндігі шектеулі жандар – қоғамның ең әлсіз әрі қорғансыз бөлігі. Олардың өздерін қоғамнан шет сезінбеулері үшін мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалып, қамқорлықтар көрсетілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ерекше күтімді қажет ететін және қиын тұрмыстық жағдайда қалған отбасы мүшелеріне ерекше назар аударудың қажеттілігі бойынша тапсырмалары Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты оңалту орталықтарында нәтижелі жүзеге асырылуда.
    Өзгенің ауырын жеңілдетіп, басқаның басына түскен қайғыны сезіне білуге үндейтін сондай қайырымдылық акцияларының бірі Жетісай ауданында өтті.
    Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Үміт ұясы» күндіз болу орталығына қарасты үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің «Қарттар күні» мен «Мүгедектер күніне» орай демеушілер есебінен өткен «Мейірімділік себеті» акциясына аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов қатысты.
    «Тағдырдың тауқыметі мен өмірдің ащы тұздығын татып, қоршаған ортадан, иманжүзді азаматтардан мейірім шуағын, жан жылуын күтетін қоғамның әлсіз бөлігі саналатын мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін ауданның азаматтарына жылдың кез-келген уақытында көмек беріп келеміз. Бұл істе ауданымызда үнемі қолұшын созып отыратын тұрақты демеушілеріміз де бар» деген Серік Үсенұлы орталықтарда қызмет алушылардың дендеріне саулық тіледі. Мерекелерімен құттықтады. Қалталы азаматтарды көмекке шын мұқтаж жандарға қолұшын созуға шақырды.
    Демеушілер есебінен 3 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған аталмыш акцияға 240 мүмкіндігі шектеулі азамат қатыстырылды. Аудан өнерпаздарының коцерттік бағдарламалар ұсынылып, сый-сияпаттар жасалды.
    Айта кетейік, бүгінде ауданда есепке алынған 5202 мүгедек жанның 1267-сі 18 жасқа толмағандар. 537 тұлға І топ, 946 тұлға ІІ топ, ал, 2452 тұлға ІІІ топ мүгедектері.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары