
2026 жылғы 6–8 қазанда Астанада ДДҰ қолдауымен медициналық ұйымдардағы сумен жабдықтау, санитария және гигиена (СЖСГ) сапасын WASH FIT құралы арқылы арттыру мәселелері бойынша ұлттық семинар өтті.
Семинарға Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, ғылыми ұйымдардың өкілдері, медициналық ұйымдардың дәрігер-эпидемиологтары, сондай-ақ Астана қаласы, Атырау және Қызылорда облыстарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің өкілдері қатысты.
Аталған өңірлер медициналық ұйымдарды сумен жабдықтау, санитария және гигиенамен қамтамасыз ету бөлігінде Су және денсаулық проблемалары жөніндегі хаттаманы іске асыру үшін ДДҰ-ның WASH FIT арнайы құралын қолдану бойынша пилоттық өңірлер ретінде айқындалған болатын.
Семинар барысында қатысушылар практикалық тренингтерден өтіп, 2023 жылы халықаралық сарапшылар жүргізген бағалау нәтижелерімен танысты. Сонымен қатар санитария, гигиена және экология саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен бұйрықтарға талдау жүргізілді. Медициналық ұйымдарда қолайлы орта қалыптастыру және СЖСГ жүйесін басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жұмыс қорытындысы бойынша қатысушылар СЖСГ-ны басқару жүйесінің қолданыстағы артықшылықтары мен проблемаларын талдап, жүйені одан әрі жетілдіру және нығайту бойынша негізгі басымдықтар мен нақты деректерге негізделген шараларды айқындады.
Семинар тәжірибе алмасуға және медициналық ұйымдарда қауіпсіз сумен жабдықтау, санитария және гигиена жағдайларын қамтамасыз етудің практикалық тәсілдерін жетілдіруге ықпал етті.









