Ағымдағы жылдың 7 қазанында Балпық ауылдық округінің әкімі Жанаталап ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

    Ағымдағы жылдың 7 қазанында Балпық ауылдық округінің әкімі Жанаталап ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында ауылдық округ әкімінің есепті кезеңде атқарған жұмыстары туралы есеп беріліп, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар міндеттер сөз болды. Атап айтқанда, Жанаталап ауылындағы тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарды күтіп ұстау, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Елді мекен аумағын көркейту, көгалдандыру, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Қаратал ауданы Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары