ҚАЗАҚСТАНДА САЛЫНАТЫН 4 СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҚТЫҢ БІРІ АРЫСТА БОЙ КӨТЕРІП ЖАТЫР

    ҚАЗАҚСТАНДА САЛЫНАТЫН 4 СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҚТЫҢ БІРІ АРЫСТА БОЙ КӨТЕРІП ЖАТЫР

    Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Арыс қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар өндірістік нысанды аралап, жоба бастамашыларымен кездесіп, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

    Алдымен облыс әкімі Арыс–Шардара тасжолы бойында орналасқан Қазақстан мен Францияның бірлескен электровоздарға сервистік қызмет көрсету орталығына барды.

    Нұралхан Көшеров өндірістік нысанның өңірдегі теміржол саласын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға қосатын үлесіне тоқталды. Жауапты тұлғаларға жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз етіп, инвесторға қажетті қолдау көрсетуді тапсырды.

    Жаңа нысан француздық Alstom компаниясы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы инвестициялық келісім аясында жүзеге асырылуда. Арыс қаласындағы депо – елімізде салынатын төрт сервистік орталықтың бірі.

    Жобаны «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС жүзеге асыруда. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталған. Жобаның инвестициялық құны 3,5 млрд теңгені құрайды. 2,9 гектар аумақта орналасқан ғимараттың жалпы ауданы – 4 100 шаршы метр. Орталықты жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр. Нысан жылына 2 мың электровозға сервистік қызмет көрсетуге қауқарлы. Жоба іске қосылғанда 50 жаңа жұмыс орны ашылады.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары