Елордада «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

    Елордада «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

    Астанада тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғын үй секторларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға қажетті көмек көрсету.
    Полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын тексеруде. Сонымен қатар әлеуметтік жағдайы күрделі отбасылар анықталып, олардың мәселелерін шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
    Профилактикалық іс-шараға учаскелік полиция инспекторларымен бірге мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Тұрғындармен кездесулер өткізіліп, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
    Әсіресе отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жанжалдарға жол бермеу және құқық бұзушылық фактілері туралы уақтылы хабарлау мәселелеріне басымдық берілуде.
    Полиция азаматтарды өздерінің және жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе өзге де құқық бұзушылық белгілері байқалған жағдайда полицияға дереу хабарлауға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары