
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар әлеуметтік көмек пен жер мәселелеріне қатысты өтініштерін жеткізді.
Аудан әкімі әрбір мәселені мұқият тыңдап, заң талаптарына сәйкес түсіндірме берді. Бірқатар өтініш бойынша жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктелді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі







