«АДАМ ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    «АДАМ ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    Дербісек елді мекенінде "Ер есімі-ел есінде" ұлттық құндылықтар бағдарламасы аясында тағылымды кездесу өтті.

    «Адам жанының бағбаны» атты тағылымды кездесуге Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысып, аға буынның өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа насихаттаудың, жастарға бағыт-бағдар берудің маңыздылығын атап өтті.

    «Адам жанының бағбаны» атты кездесу Түркістан облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы ағарту ісінің озық қызметкері, ұлағатты ұстаз, танымал тәлімгер Сайлаубай Мырзабайұлының өмір жолына арналды.

    Кездесу барысында Сайлаубай атамыз жайлы өмір жолы, ұстаздық қызметі мен мол тәжірибесі жайында сыр шертіп, жас ұрпаққа білім мен тәрбиенің маңызы, адамгершілік құндылықтар және өмірлік ұстанымдары туралы тағылымды әңгімелер айтылды.

    Осындай кездесулер – аға буынның өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары