Болашақ мамандықты таңдау

    Болашақ мамандықты таңдау – әрбір мектеп оқушысының өміріндегі ең жауапты қадамдардың бірі.
    6 қазан күні А.Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында ауданымыздағы мектептердің 11-сынып түлектеріне арналған ауқымды әрі мазмұнды кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Кездесуге өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Торайғыров университетінің (ToU) өкілдері қатысты.
    Іс-шараның басты мақсаты – жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру, жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсыну, Бірыңғай ұлттық тестілеуге (ҰБТ) дайындалу ерекшеліктерін түсіндіру және болашақта жұмысқа орналасу перспективалары туралы мәлімет беру.
    Торайғыров университетінің қабылдау комиссиясы мен профессорлық-оқытушылық құрамы болашақ талапкерлерге жан-жақты таныстырылым өткізді. Оқушылар университетте ұсынылатын білім беру бағдарламаларымен, бакалавриат бағыттарымен, заманауи оқу-зертханалық базасымен және ғылыми-зерттеу жұмыстарының мүмкіндіктерімен танысты.

    Кездесу барысында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:

    ҰБТ-ға дайындық және тапсыру:
    Спикерлер бейіндік пәндердің комбинацияларын дұрыс таңдау бойынша практикалық кеңестер беріп, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыру тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар университеттің ішкі гранттары мен жеңілдіктері туралы ақпарат берілді.
    Сұранысқа ие мамандықтар:
    Мектеп оқушыларына IT, инженерия, педагогика, экономика, агротехнология және гуманитарлық ғылымдар салаларындағы басым бағыттар таныстырылды.
    Студенттік өмір және инфрақұрылым:
    Жоғары сынып оқушыларына академиялық ұтқырлық бағдарламалары, оның ішінде шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері, шәкіртақы бағдарламалары, спорттық секциялар мен шығармашылық клубтардың жұмысы, сондай-ақ студенттік үйлердегі тұру жағдайлары туралы ақпарат берілді.
    Іс-шара соңында жоғары сынып оқушыларына ақпараттық буклеттер мен талапкерге арналған жадынамалар таратылып, оларды алдағы уақытта өтетін Ашық есік күні аясында Торайғыров университетіне келуге шақырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы білім беру басқармасының «Шарбақты ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары