Осакаров ауданындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер әлеуметтік жобаларға 865 млн теңге бағыттайды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Осакаров ауданындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер әлеуметтік жобаларға 865 млн теңге бағыттайды

    Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысып келеді. Аграрлық кәсіпорындармен жалпы сомасы 865 млн теңгеге 16 ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік туралы меморандумға қол қойылған.

    Осакаров ауданындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер әлеуметтік жобаларға 865 млн теңге бағыттайды

    Келісімдер аясында қарастырылған қаражат мектептер мен ауылдық мәдениет үйлерін жөндеуге және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге, қоғамдық орындарды абаттандыруға, жолдарды жөндеуге, балалар және спорт алаңдарын орнатуға, көшелерді жарықтандыру жүйесін жаңғыртуға, сондай-ақ басқа да әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.

    Осакаров ауданындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер әлеуметтік жобаларға 865 млн теңге бағыттайды

    Мәселен, меморандумдар аясында Қарағайлы және Садовое ауылдарындағы елді мекенішілік және кірме жолдарды жөндеу, Қарағайлыдағы саябақты және Садовоедағы тың игерушілер аллеясын абаттандыру жоспарланған. Бірқатар елді мекенде көпфункционалды спорт алаңдары мен балалар ойын алаңдары бой көтереді.

    Жобалардың едәуір бөлігі білім беру саласын дамытуға бағытталған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мектептерді заманауи информатика, химия, физика және биология кабинеттерімен жабдықтауға, шағын орталықтарға қажетті жиһаз бен құрал-жабдықтар алуға, мектеп ғимараттарын жөндеуге және іргелес аумақтарды абаттандыруға атсалысуда.

    Осакаров ауданындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер әлеуметтік жобаларға 865 млн теңге бағыттайды

    Бірқатар жоба қазірдің өзінде жүзеге асырылды.

    Мәселен, Осакаров кентінде «Рассвет» ЖШС өз қаражаты есебінен ұзындығы 640 метр жол учаскесіне асфальт төседі.

    Осакаров ауданындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер әлеуметтік жобаларға 865 млн теңге бағыттайды

    — Қажетті жұмыстардың барлығы жүргізілді: жолдың негізі дайындалып, төсем төселіп, тегістелді. Одан кейін асфальт төселіп, нығыздалды. Нәтижесінде тұрғындар үшін жаңартылған әрі жүруге қолайлы жол учаскесі пайда болды, — деді «Рассвет» ЖШС басшысы Виталий Ранерт.

    Осакаров ауданындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер әлеуметтік жобаларға 865 млн теңге бағыттайды

    Есіл ауылында «Жатва ВВ» ЖШС ауылдық Мәдениет үйінің шатырын жөндеді. Сонымен қатар меморандумда ғимаратқа блокты-модульді қазандық орнату және мәдениет мекемесіне қажетті жиһаз сатып алу қарастырылған.

    Осакаров ауданындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер әлеуметтік жобаларға 865 млн теңге бағыттайды

    Жасалған келісімдер білім беру, мәдениет, жол инфрақұрылымы, спорт және абаттандыру сияқты бірқатар маңызды бағыттарды қамтиды.

    Осакаров ауданындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер әлеуметтік жобаларға 865 млн теңге бағыттайды

    Бұл жобалардың жүзеге асырылуы Осакаров ауданындағы елді мекендердің әлеуметтік нысандары мен қоғамдық кеңістіктерінің жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

    Осакаров ауданындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер әлеуметтік жобаларға 865 млн теңге бағыттайды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары