Қызылордада вандализмнің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жалғасуда

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қызылордада вандализмнің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жалғасуда

    Қоғамдық тәртіпті сақтау мен ортақ мүлікті қорғау – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі. Осыған байланысты Қызылорда облысының аумағында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда іс-шаралар жүргізіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтуде.
    Іс-шаралар барысында ерекше назар азаматтар көп шоғырланатын орындарға, атап айтқанда, аялдамаларға, саябақтарға, аулаларға, балалар ойын алаңдарына және басқа да қоғамдық орындарға аударылуда. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылап, ортақ мүліктің бүлінуіне жол бермеу және вандализм фактілерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
    Қоғамдық орындардағы орындықтар, аялдамалар, жарықтандыру бағандары, балалар алаңдары және басқа да инфрақұрылым нысандары – барша тұрғындарға ортақ игілік. Оларды бүлдіру немесе қасақана зақымдау тек материалдық шығын келтіріп қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігіне де кері әсер етеді.
    Полиция қызметкерлері тұрғындарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға, ортақ мүлікке ұқыпты қарауға және құқық бұзушылықтың кез келген түріне жол бермеуге шақырады. Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе мүлікті бүлдіру фактілері анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес тиісті жауапкершілік қарастырылған.
    Қоғамның тазалығы мен қауіпсіздігі әр азаматтың жауапкершілігінен басталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары