АУДАН ҰСТАЗДАРЫ ҰЛЫҚТАЛЫП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    АУДАН ҰСТАЗДАРЫ ҰЛЫҚТАЛЫП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
    АУДАН ҰСТАЗДАРЫ ҰЛЫҚТАЛЫП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
    «Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді, Өмірге ұрпақ беретін аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой мен адамгершілікті, әдептілік пен ар-ұятты, ұлттық сана-сезімді сіңіруші тұлға – мұғалімдерді ерекше құрметтеген.
    Жылына бір келетін кәсіби мерекелері аясында ұйымдастырылған салтанатты шарада заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамытып, дүбірлі білім жарыстарында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығарып жүрген ұстаздардың ерен еңбектері ескеріліп сый-құрмет көрсетілді.
    Мерекелік шараға арнайы қатысқан Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов биіктерді бағындырып, білім бәсекесінде қабілетті шәкірттерді тәрбиелеп жүрген тәжірибелі ұстаздарды алғыс хаттарымен марапаттап, медальдар табыс етті.
    «Ұстаз – болашақтың сәулесін жағушы, адамзат өркениетінің көшбасшысы. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін осы жолда сіздердің кәсіби адалдықтарыңыз бен төзімдеріңіз елдің ертеңін нұрлы етуге үлкен үлес қосуда» деді аудан әкімі.
    Сондай-ақ, іс-шара барысында білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып, жемісті еңбек етіп жүрген тағы бірқатар ұстаздар Түркістан облыстық білім басқармасы мен «ӘДІЛЕТ» партиясы төрағасының, облыстық және аудандық филиалдары төрағаларының, аудандық білім бөлімінің басшысы Толқын Айгенжиева мен салалық кәсіподақ ұйымының алғыс хаттары мен құрмет грамоталарына ие болды.
    Ұстаздардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған шара барысында аудан өнерпаздары мен мектеп оқушылары концерттік бағдарламаларын ұсынып, көпшілікке мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әуелете ән салып, күмбірлете күй төкті.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары