
Тамды ауылдық округінде елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау және абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікке ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері және ауыл тұрғындары белсенді қатысып, көшелер мен қоғамдық орындардың аумақтарын қоқыстан тазарту, арамшөптерді жинау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Тазалық жұмыстары барысында ауыл аумағы ретке келтіріліп, қоршаған ортаның тазалығы мен көріктілігіне ерекше көңіл бөлінді.
Туған жердің тазалығы мен көркейуі – баршамызға ортақ міндет. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.









