Комиссия отырысында құқықтық тәртіп мәселелері талқыланды

    Комиссия отырысында құқықтық тәртіп мәселелері талқыланды

    Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Заң және тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

    Отырыс барысында қатысушылар аудан аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстың жолын кесу мәселелерін талқылады.

    Негізгі мәселелердің бірі учаскелік полиция инспекторларының пробация қызметімен бірлесіп, құқық бұзушылықтарды анықтау, әкімшілік қадағалауды белгілеу, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және шартты түрде сотталған адамдардың белгіленген талаптарды бұзуы жағдайында тиісті шаралар қабылдау бойынша атқарып жатқан жұмысы болды.

    Сондай-ақ алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, алкогольге тәуелді адамдарды мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерге мәжбүрлеп емделуге жіберу жөніндегі жұмыстардың жай-күйі жеке қаралды.

    Бұдан бөлек, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу, азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстарда жергілікті атқарушы органдардың, барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың рөлі, сондай-ақ ерікті халық жасақтарының қызметі қарастырылды.

    Отырыс соңында 2026 жылдың 9 айындағы жасөспірімдер арасындағы қылмыс және кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстардың жай-күйі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырыла отырып қаралды.

    Отырыс қорытындысы бойынша жауапты қызметтерге тиісті міндеттер белгіленіп, осы бағыттағы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша тапсырмалар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сандықтау ауданының әкімдігі" жаңалықтары