Қонақжайлық күзетінде: елордада туристік полицияға арналған English Club ашылды

    Қонақжайлық күзетінде: елордада туристік полицияға арналған English Club ашылды

    Астанада туристік полиция қызметкерлерінің тілдік дайындығын арттыру мақсатында құрылған English Club өз жұмысын бастады.
    Іс-шара ҚР ІІМ Басқару академиясының базасында өтіп, оған құқық қорғау органдарының өкілдері, дипломатиялық қауымдастық мүшелері және туристік полиция қызметкерлері қатысты. English Club-тың ашылуына Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Арман Атанов қатысты.
    Жыл сайын көптеген шетелдік қонақтарды қабылдайтын заманауи қалада туристік полицияның жұмысы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен ғана шектелмейді. Қызметкер туристке жедел көмек көрсетіп қана қоймай, оған бағытты, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібін түсіндіріп, құжаттарын жоғалтқан жағдайда немесе медициналық көмек қажет болған кезде қолдау көрсете білуі маңызды.
    Жаңа English Club қызметкерлердің практикалық дайындығына бағытталған. Клуб аясында полицейлер ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, Астанаға келген шетелдік туристер кездесуі мүмкін нақты жағдайларды пысықтайды.
    Іс-шараға «Астана» дипломатиялық клубының президенті Қайырболат Сахметов, сондай-ақ ҚР ІІМ Басқару академиясының бастығы, заң ғылымдарының докторы, профессор, полиция полковнигі Жанат Дильбарханова қатысты.
    Астана қаласының Полиция департаменті атап өткендей, туристік полицияны дамыту – елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі.
    Шетелдік қонақ үшін полиция қызметкеріне алғашқы жүгінуі қала туралы алғашқы тікелей әсерлерінің біріне айналуы мүмкін. Сондықтан бұл қарым-қатынас кәсіби, түсінікті әрі ізгі ниетке негізделген болуы маңызды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары