АДВОКАТТЫҚ САУАЛДЫ РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ ҚАРАУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

    Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы адвокаттармен адвокаттық сауалды рәсімдеу, жолдау және қарау тәртібіне қатысты , сондай-ақ мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Кездесу барысында адвокаттардың сұрау салуларын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес рәсімдеу тәртібі, оларды қарау мерзімдері, сондай-ақ заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
    Іс-шара барысында қатысушыларға адвокаттық сауалдарды белгіленген талаптарға сәйкес жолдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, заңнама нормаларын дұрыс қолдану бойынша ақпарат берілді.
    Сонымен қатар, жиынға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
    Кездесудің негізгі мақсаты – адвокаттардың кәсіби қызметін заң талаптарына сәйкес тиімді жүзеге асыруына жағдай жасау, адвокаттық сауалды рәсімдеу мен қарау тәртібіне қатысты құқықтық нормаларды түсіндіру және құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын мәселелердің алдын алу. Шара соңында адвокаттық сауалды рәсімдеудің тәртібі бойынша жасақталған әдістемелік слайд көрсетілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары