
Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтіп, ауданның өзекті мәселелері қаралды.
Күн тәртібінде «Ауыл аманаты» жобасының орындалуы, жылыту маусымына дайындық, қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстау, әлеуметтік желілерде көтерілген мәселелер және «Таза Қазақстан» жобасының жүзеге асырылуы талқыланды.
✅️«Ауыл аманаты»
2026 жылға аудан бойынша 49 жобаға 463,1 млн теңге жоспарланған. Бүгінде 242,1 млн теңге немесе 52,2% игерілді.
Аудан әкімі қаражатты игеру қарқынын арттырып, жобаларды сапалы әрі уақтылы іске асыруды тапсырды.
♻️Жылыту маусымы және қысқы жол күтімі
Ауданда 91 әлеуметтік нысан бар. 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына қажетті отын қоры дайындалған.
Аудан басшысы қазандықтардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді, газға қосылмаған әлеуметтік нысандар бойынша нақты ұсыныстар енгізуді және қысқы жол күтіміне жауапты мердігерлердің техника дайындығын тексеруді тапсырды.
⁉️Тұрғындар мәселесі
«Еркін сұхбат» Telegram чатында 2460 тұрғын тіркелген. Жыл басынан бері 1000-нан астам мәселе көтерілген.
Нұржан Мақсатов тұрғындардың өтініштеріне, әсіресе су, жарық, газ, жол және коммуналдық мәселелерге жедел жауап беруді тапсырды.
🌱«Таза Қазақстан»
Жоба аясында 4 сенбілік өткізіліп, 2371 адам қатысты. 118 көше, 13 саябақ пен сквер тазартылып, 125,4 тонна қоқыс шығарылды. Аудан бойынша 2520 ағаш көшеті отырғызылды.
Аудан әкімі анықталған қоқыс орындарын жоюды, отырғызылған көшеттердің күтіміне жауаптыларды бекітуді және абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізуді тапсырды.
Мәртөк ауылында көшелерді мекемелерге бекітіп, санитарлық тазалықты күшейту, сыртқы жарнамаларды ретке келтіру және «Үлгілі мекеме – үлгілі аула» бағытын қалыптастыру бойынша міндеттер қойылды.









